Список документов
Инклюзивті білім беруде логопедиялық қызмет жүйесінің маңызы

                                       

     Мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беретін ортаға кіріктіру мақсатында 2009 жылғы ҚР инклюзивті білім беруді дамыту тұжырымдамасының жобасы әзірленген, сонымен қатар 2010 жылдың 1 ақпанында бекітілген ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын атауға болады.

   Бұл бағдарламаның басты міндеттерінің бірі –еліміздің инклюзивті оқытуды дамыту болып саналады.

    Инклюзивті білім беру – мүміндігі шектеулі балаларды оқытып-үйретудің бір формасы.

   Инклюзивті оқыту – мүгедек пен дамуында сәл бұзушылығы мен ауытқулары бар балалардың дені сау балалармен бірге олардың әлеметтендіру және интеграция процестерін жеңілдету мақсатындағы бірлескен оқыту.

   Инклюзивті оқыту- барлық кемтар балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді, оқушылардың тең құқығын анықтайды, адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді, барлық балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата-аналарын белсенділікке шақыруға, балалардың білімділік қажеттіліктеріне бейімделуіне жағдай қалыптастыру, яғни жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат.

    Сөйлеу процесі – адам баласына ғана тән өте күрделі жоғарғы психикалық қабілет. Сөз арқылы қатынасқа түсу үрдісінде адамдар бір-бірімен ой бөлісіп, бір-біріне ықпал етеді. Сөздік қатынас тіл арқылы жүзеге асады. Тіл дегеніміз – қатынас құралының фонетикалық, лексикалық, грамматикалық жүйесі. Сондықтан сөйлеу тілі адам өмірінде маңызды орынға ие әрекет болып табылады. Қазіргі таңда сөйлеу тілінің әртүрлі бұзылыстары бар балалардың саны күннен күнге артуда.

   Инклюзивті мектептегі логопедиялық қызмет жүйесі бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу тілі бұзылыстарын түзету үрдісінде маңызды орынның бірін алады.

   Логопедия дегеніміз- сөйлеу тілі кемістіктерін, оның бұзылу себептерін болдырмау жолдарын, сонымен бірге осындай кемістіктерді әртүрлі жолдармен түзетіп жоюдың тәсілдерін зерттейтін ғылым.

  Логопедия-грек сөзінен алынған, «сөз тәрбиелейміз, үйренеміз» деген мағынаны білдіреді.

 Логопедиялық қызмет жүйесінің негізгі мақсаты – сөйлеу тілінің әртүрлі ауызша және жазбаша бұзылыстары бар мектеп оқушыларына логопедиялық көмек көрсету, сонымен қатар олардың тілдік дамуының ерекшеліктеріне сәйкес даму мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту, тәрбиелеу және әрі қарай әлеуметтік бейімдеу мен қарым- қатынасының жағымды әрі тиімді жағдайларын құру болып табылады. Осы мақсаттарға орай бірқатар міндеттер жүзеге асырылады:

 - ауызша және жазбаша сөйлеу тілінің бұзылыстарын диагностикалау және түзету;

- баланың толыққанды тұлғалық және интеллектуалдық дамуына ықпал ету;

- әрбір балаға индивидуалды және дифференциалды ыңғайды қамтамасыз ету;

- балаларды психологиялық-педагогикалық зерттеу;

- сөйлеу тілі бұзылыстарының алдын алу және түзету;

- балаларға логопедиялық көмек көрсету сұрақтары бойынша мұғалімдер мен ата-аналарға кеңес беру;

- мұғалімдер мен ата-аналар арасында логопедиялық білімдерді үгіттеу.

   2013-14 оқу жылында логопедтің жұмысы осы жылға жасалған келесі бағыттардан тұратын түзетупедагогикалық жұмыс жоспары бойынша құрылды:

- Диагностикалық жұмыс;

- Түзету-дамытушылық бағыт;

- Логопедтің педагогтармен қарым-қатынас бағыты;

- Әдістемелік бағыт.

   Тіл кемістігі деп – сөйлеу қабілетінің психофиологиялық механизмінің бұзылу салдарынан сөйлеушінің сөйлеу тілінің қоршаған ортаға тән мөлшерден ауытқуын айтамыз.

  Тіл кемістіктерін,оларды туғызатын себептерге байланысты екі топқа бөлуге болады.

a)  табиғи тіл кемістіктері (органикалық);

b) функционалдық тіл кемістіктері.

 

Сонымен қатар негізінен келесі тілдік қорытындылар бойынша жіктелді: сөйлеу тілінің фонетикофонематикалық дамымауы, сөйлеу тілінің жалпы жетілмеуі дислалия , оқу және жазу дағдыларын қалыптастырудағы қиындықтар, дисграфия және дислексия ,т.б.

Дислалия- есту қабілеті мен сөйлеу мүшелерінің инвервациясы дұрыс сақталғанда кездесетін тіл дыбыстарының бұзылып айтылуы.Синонимдері: тіл мүкістігі,тіл дыбыстарын айту кемістігі,фонетикалық кемістік.

Ринолалия- сөйлеу мүшелерінің анатомиялық-функционалдық кемістіктерінің салдарынан дауыс әуезділігінің (тембрінің), тіл дыбыстарының айтылуының бұзылуы.Синонимдері: мұрнынан сөйлеуі-палатолалия.

Дизартрия – жүйке тамшыларының сөйлеу мүшелерінің жұмысын толық қамтамасыз ете алмауына байланысты сөйлеу қабілетінің бұзылуы.Дизартрияның ауыр түрі анартия деп аталады.Ондай жағдайда адам дыбыс айту мүмкіншілігінен айырылады.

Тұтықпа – сөйлеу мүшелерінің бұлшық еттерінің тартылу салдарынан сөйлеудің ырғақтығының, жылдамдығының, бұзылуы.Синонимдері: логонервоз.Тұтықпа органикалық немесе функционалды болып келеді, көбінесе ол баланың тілінің жедел даму кезеңінде пайда болады.

Брацилалия – сөйлеу жылдамдығының қалыптан тыс баяулауы.Синонимі брадифазия.Сөйлеу жылдамдығы баяулағанда сөз босаң, бірқалыпты, созыңқы шығады.Сөйлеу жеделдеген кезде сөз шапшаң, екпінді шығады да, сөйлем құрастырғанда қателер кездеседі.Кейбір жағдайда мұндай ауытқулар жеке тіл кемістіктері деп есептеліп, мынандай терминдермен аталады: баттаризм, парафазия.Шапшаң сөйлеген кезде өздігінен кідіріп, мүдіріп, тоқтап қалу – полтерн деген терминмен белгіленеді.

Дисфония  (афония) – дауыс шығару мүшелерінің қалыптан тыс өзгеру себептерінен дыбыс шығару қабілетінің бұзылуы немесе мүлдем айта алмауы. Синонимдері: дауыстың бұзылуы, вокальдың бұзылуы.Бұл кемістіктің әртүрлі белгілері болады, фоноцияның мүлдем болмауы (афония) немесе дауыс күшінің, тембрінің, биіктігінің бұзылуы (дисфония), дауыстың шаршағыштығының, оның қырылдап, сырылдап шығуы (фоностения).

Алалия – бас ми қабығының тілаймақтарының  (зонасының) жастайынан зақымданудың әсерінен баланың сөйлеу тілінің жетілмеуі немесе мүлдем дамымауы. Синонимдері: дисфазия, балалар афазиясы, даму афазиясы, мылқау.

Афазия – бұл сөйлеу тілінің толық немесе жартылай жойылуы.Сөйлеу тілінің жойылуы, жоғалуы.Ми қорабының жарақаттануы, нейроифекция, мидағы ісіктің салдарынан адам сөйлеу қабілетінен айырылды.Егер де мұндай бұзылу үш жасқа дейінгі кезеңде байқалса, зерттеушілер афазия диагнозын қоюға асықпайды.

Сөйлеу тілі бұзылған балаларға арналған мекеменің үлгі ережесіне сәйкес бұл топтардың есебіне алынатындар:

A.   сөйлеу тілі дамуының  І – деңгейіндегі балаларды 3 жасынан бастап 3-4 жылдық мерзімге оқыту;

B.   сөйлеу тілі дамуының  ІІ – деңгейіндегі балалардың 4 жасынан бастап 3 жылдық мерзімге оқыту;

C.   сөйлеу тілі дамуының  ІІІ – деңгейіндегі балаларды 4-5 жасынан бастап 2 жылдық мерзімге оқытады.

Логопедтің жұмыс барысында мынандай құжаттары болуы тиіс:

- Логопедтің жұмыс графигі;

- Топтардың тізімі;

- Мүмкіндігі шектеулі балалармен инклюзивті мектепте логопедтік қызмет туралы ережелер;

- Эксперименталды топ бойынша мұғалімлогопедтің жұмыс жоспары;

- Оқушымен жеке жұмыс жоспары.

Логопед сабақтарының жағымды жақтары:

- Оқушылардың оқу, жазу сабақтарына қызығушылығы мен ынталары артты;

- Сөйлеу тілдеріндегі, жазбаша жұмыстардағы кемістіктерге назар аударылып, оны дұрыстау жұмыстары жүргізілді;

- Балалардың кез келген қиындықты жеңуде өз өзіне сенімділігін арттыруға көмек берілді. Кемтар балалардың білім деңгейін көтеріп, өмірге қажетті білім

дағдысын тəртібін қалыптастыруға байланысты түрлі шаралар жасалуда.

    Бұл балаларды оқытатын мұғалімдердің алдына екі түрлі міндет қойылады:

1. Баланың мектепке дайындығын анықтау;

2. Тəрбиесіндегі кемістігін жою;

3. Сабақты жүйелі жоспарлау.

Үйден  оқитын балаға сабақ беретін мұғалім алдымен баланың даму ерекшелігін

анықтайтын тесттер арқылы ойының, қиялының, зейінінің тұрақтылығын анықтап алу керек. Ол үшін «Дөңгелек қию», «Лабиринт», «Танграм», «Көру əдісі», «Есту əдісі» тəрізді тесттерді қолданып, баланың шама-шарқын анықтап алады. Сабақ барысында баланың тіл мүкісін, қолының буындарының қимылын, саусақтарының моторикасын дамытуға ерекше көңіл бөліп отыру қажет.

Ол үшін қазіргі таңда қолданылатын көптеген дамыту жаттығуларын пайдалануға

болады. Солардың бірнешеуін қарастырайық:

“Сағат тілі”

Мазмұны: Күлімдеп тұрамыз, ауызымызды ашамыз. “Бір-екі” деп санап тілімізді

жоғарғы, төменгі тістерге кезек-кезек тигіземіз. Астыңғы иек қимылдамау керек.

“Тостақшы”

Мазмұны: Езуді тартып күліп аузымызды ашамыз, тілімізді жалпақ етіп астыңғы

ерінге қойып, екі жағын тостақтың ернеуі сияқты иеміз. 5-ке дейін санап тұрамыз. Астыңғы ерін тістерге тимеу керек.

“Барабан”

Мазмұны:  Езу тартамыз, аузымызды ашамыз.  Анықтап қайта-қайта Д-Д-Д-Д деп

айтамыз. Дыбысты айту барысында тіл жоғарғы тістерге жабысып тұрады,

Аузымызды жаппаймыз. Осы жаттығуды орындау барысында көп бала аузын жауып алады.Осы жағдай болмау үшін тіспен екі бір сантиметрлік таяқшаны немесе осыған ұқсас затты (сызғышты) тістеп тұру керек .

Осы жаттығуларды жасау барысында баланың тілін дамытуға болатыныны көреміз. Сонымен қатар түрлі тіл дамыту ойындары мен тапсырмалары жүргізіледі. Ол  шағын топтармен және жеке жүргізіледі.

Логопедиялық жұмыстың мақсаты мен мазмұнын сөйлеу тілі бұзылуының құрылысын, сонымен қатар баланың сақталған және теңелту, орнына келтіру мүмкіншіліктеріне негізделеді.

«Кім тез шешеді» ойыны.

Жұмбақтардың шешуін табу, шешуінде қ дыбысы сөздің қай жерінде тұрғанын анықтау.

1.    Қыста жер бетін басады,

Жазда сайға қашады.  (Қар)

2.    Қар сияқты аппақ,

Өзі сондай тәтті-ақ.   (Қант)

3.    Заң жоқ еш уақытта

Біздерді ату

Түсім де аппақ

Атым да.   (Аққу)

4.    Ерінбей еңбек істеген

Онсыз тамақ ішпеген.  (Қасық)

5.    Алшақ-алшақ басады

Бірін-бірі көрсе

Қаңқылдасады.   (Қаз)

6.    «Ж»  дан бастасақ,

Жыл мезгілі болады.

«Қ» дан бастасақ,

Құсқа айнала қалады.  (Жаз,қаз)

«Тез шешуін тап» ойыны

Ойын шарты.Логопед: Мен ауада саусақпен әріп таңбаларын жазам, сендер тез қай әріп екенін айтасыңдар.Кім белсене жауап берсе,сол бала жеңімпаз атанады.

«Сөз ойла, тез ойла» ойыны

Ойын шарты: Логопед балаларға әріпті немесе дыбыстың артикуляциясын сипаттайды.Балалар сөз ойлап айту керек.

«Әріп тастамақ» ойыны

Ойын шарты: Логопед балаларға әріп таңбасын таратып береді.Бала сол әріпке сай сөз ойлап айтады.

«Сөйлемді жалғастыру» ойыны

Ойын шарты:Логопед сөйлемді бастайды, бала суретке қарап немесе мазмұнына байланысты сөйлемді аяқтайды.

       

Жаңылтпаш

Таптырмай қырдан құр,

Қайттық біз құрдан құр.

 

«Тіл сындыру» ойыны

 

   Екі тентек

Екі тентек шегісті,

Бас жарылып,шеке істі.

Біреуі іздеп дәрігер,

Біреуі үйде әбігер.

 

      Мүмкіншілігі шектелген балаларды тәрбиелеу ісінде,психолог,педагогтар баланың жан дүниесінің күйзелісіне терең ой жүгіртіп,баланың бойындағы ауытқуын жетімсіздік деп қарамай, ынталандыру, кемістіктерді толықтыру, түзету жолында психологиялық әрекеттері жүзеге асырылса, онда мүмкіншілігі шектелген балалардың әлеуметтік ортада өз орнын табуда, кемістіктерінің орнын толықтыруларына қиындық болмай, толық қанды жеке тұлға ретінде қалыптасқан болар еді.

 

 Іс – тәжірибе барысында мүмкіндігі шектеулі балаларды кездестіріп,олармен жұмыс істеген студенттер:

 

Студенттің аты-жөні,тегі

Тобы

Іс-тәжірибе өткен мектебі мен балабақша

Әр түрлі кемістігі бар оқушылар саны

Ауырған адамды зерттеу негізінде ауруды айыру

1

Шалбаева Асель

А-41

Бурабай к. С.Сейфуллин атындағы ом

1, 4- сынып

Тұтықпа

 

2

Есентаева Г

А-41

Қарағанды обл. Шет ауданы

1, 2-сынып

Психологиялық ауытқулар

3

Бекова И

А-41

Щучинск қаласы №5 ОМ

1, 2- сынып

Психологиялық ауытқулар

4

Досова А

Ш-41

 

1,  1-сынып

Қиын оқушы

5

Ковалева О

Ш-41

Щучинск қаласы 3 ОМ

1,  3-сынып

Тұтықпа

6

Жантенова Д

А-31

Көкшетау қаласы Экологиялық МГ

1,  6-сынып

Тұтықпа

7

Камалова Р

Д-33

«Одуванчик» балабақшасы

1

Дислалия

8

Уфимцева В

Д-33

«Бөбек» балабақшасы

1

Дислалия

9

Ермагамбетова Г

Д-33

«Бөбек» балабақшасы

1

Дислалия

10

Айдарханова Ж

Ш-31

Щучинск қаласы №1 МГ

1,  3-сынып

Тұтықпа

11

Каппасова Д

Ш-31

Щучинск қаласы №4 ОМ

1,  3-сынып

Тұтықпа

12

Эдель Е

Ш-31

Щучинск қаласы №3 ОМ

1,  3-сынып

Тұтықпа

13

Катаева  А

Ш-31

А.И досов атындағы ОМ

2,  2-сынып

Тұтықпа

Дамуындағы тежелу

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

 

1. Өмірбекова Қ., Серкебаев Қ. Логопедия. – Алматы, 1996. – Б. 36.

 

2. Багель О. А. Индивидуальный подход при коррекции речевых нарушений у младших школьников // Школьный логопед. – 2007. – №1(16). – Б. 43-48.

 

3.  Өмірбекова Қ. Қ. Дыбыс айту кемшіліктері және түзету жолдары. – Алматы, 2005. – Б. 4-10, 41-45. Инклюзивті

 

Автор: Темирова Г.К.
Просмотров: 6657
Дата создания: 17 Июня 2015 г.
Дата редактирования: 17 Июня 2015 г.
www.egov.kz
Опрос