Список документов
Менің мамандығым тәрбиеші.

Жалпы адам баласы тәрбиеші болу үшін өзі тәрбие көрген, тәрбиені ұғынған жөн. Тәрбиенің отанында тәрбиеленген адам ғана айналаны, қоршаған ортаны тәрбиелей алады. Тәрбиелі ұрпақ елімізге ауадай қажет. Себебі тәрбиелі ұлттың тамыры тереңге бойлап, қаланған іргесі қандай ауыртпалық түсседе құламайды. Сондықтан осы Щучинск қаласындағы педагогикалық колледжінде тәрбиеші мамандық саласында білім  алып жатқандар артылмаса кемір емес. Бәрін түйіндей келе менде болашақ ұрпақ үшін тәрбиеші мамандығын таңдадым. Қазір осы салада білім жинап жүргеніме бір жыл, үш ай. Осы аралықта мен өте көп нәрсе үйрендім. Бұл мамандық мені бірден баурап алды. Шат-шадыман күбірлеген жаста, күнәдән пәк, күмістей сыңғырлаған сәби үні күні-түні қүлағыңнан кетпей, бейне бір ақ, адал жолға жетелеп бара жатқандай күй кешеді екенсің. Өйткені балалардан ешқандай жасандылық көрмейсің. Егер олардың алдында шынайы қалпыңда көрінбесең олар сені қабылдамайды. Тәрбиеші мамандығы маған ыстық көрінеді.

       Бұл мамандықпен жайқалған, гүлденген, іргесі, нақ бекіген балашағымды көре аламын. Буыны қатпаған жас жеткіншектерді жетілдіру үлкендер мына біздердің парызымыз. Саналы да зиялы және білімді буындарды биіктету біздің қолымызда. Елімнің арқасы асқақ, мерейі үстем болуына азда болса өз үлесімді қосып жатсам, ол мен үшін үлкен абырой!

Автор: Шаймерденова Аякоз 2 курс студенті
Просмотров: 676
Дата создания: 28 Ноября 2013 г.
Дата редактирования: 28 Ноября 2013 г.
www.egov.kz
Опрос